Адамның ғұмыр жасын анықтайтын қан анализі пайда болды
Адамның ғұмыр жасын анықтайтын қан анализі пайда болды
2 жыл бұрын 2664 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бұл тараптағы тәжірибе жүргізілген аралықта 5 мыңнан аса адам өлген. Германияда адамның ажалы қашан болатынын қан анализінің нәтижесіне қарап анықтайтын технология бар. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың келтірген дерегіне қарағанда, ондаған ылға созылған тәжірибе кезінде болжамның дәлдігі 83%-ды құраған. Аталмыш зерттеу барысында ғалымдар Еуропаның бірнеше елінен жасы 18-109 аралығындағы 44 мың адамның қан анализін пайдаланған. Адамның ажалын қан анализі бойынша 14 метаболилік маркер (зат алмасу процесінің өлшемдері) негізінде анықтай алады. Маркерлер қабынумен, майдың жиналуымен, глюкоза деңгейімен байланысты. Барлық биологиялық маркерді бір тестке жинақтай алған. Оларды жүрек-қан тамыр аурулары, онкологиялық аурулар, зиянды жат әдеттер, қан қысымы, жолестерин деңгейі, дене салмағы секілді факторлармен салыстырады. Дегенмен ғалымдар бұл әдісті әлі де жетілдіре түсу креектігін алға тартып отыр.

Ұқсас материал:

"Ажалы жақын қалғанын адамның көз қарашығынан да анықтауға болады" (https://islam.kz/kk/news/gylym/ajaly-jaqyn-qalganyn-adamnyn-koz-qarashygynan-da-anyqtauga-bolady-15528/#gsc.tab=0);

«Адам ажалына 2-3 күн қалғанда білінетін белгілер аталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-ajalyna-2-3-kun-qalganda-bilinetin-belgiler-ataldy-15292/#gsc.tab=0);

«Ажалдың жақын қалғанын анықтаудың тәсілі белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ajaldyn-jaqyn-qalganyn-anyqtaudyn-tasili-belgili-boldy-14638/#gsc.tab=0);

"Адамның ажалы жақын қалғанын білдіретін белгілердің бірі аталды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-ajaly-jaqyn-qalganyn-bildiretin-belgilerdin-biri-ataldy-13231/#gsc.tab=0);

"Ажалы жақын қалған адамның қандай түстер көретіні анықталды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/ajaly-jaqyn-qalgan-adamnyn-qandai-tuster-koretini-anyqtaldy-13190/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат