Адам сүйегін алмастыратын биоматериал табылды
Адам сүйегін алмастыратын биоматериал табылды
2 жыл бұрын 2516 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар адам сүйегінің қасиетін имитациялайтын немесе қайталайтын, яғни, сүйекті алмастыра алатын кобальт пен хром негізіндегі биоматериал тапты. Ол тозбайды, яғни, ұзақ уақыт бойы қасиетін сақтайды. Бұл жайында islam.kz порталы onlinelibrary.wiley.com дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаңа биоматериалды импланттарды жасауда, мысалы, жамбас немесе тізе буындарын және сүйек пластинкаларын артропластикалау үшін пайдалануда болады. Бүгінгі күні имплант ретінде қолданылып жүрген металдық биоматериалдардың көпшілігі адам сүйектеріне қарағанда қатты және оларды имплантация ретінде пайдалану сүйек құрылымына зақым келтіреді немесе бұзады,  ал бұл жайт өз кезегінде сүйек тығыздығына кері әсерін тигізіп, сүйек атрофиясына әкеледі. Ал икемділігі жоғары биоматериалдар тозуға төзімділігін жоғалтады. Ғалымдар бұл тарапта металл имплантанттар мен адам сүйектері арасындағы Янг модуліндегі алшақтықты қалай азайтуға болатынына назар аударды. Материал икемді болған кезде оның Янг модулі төмен болады. Ол қатты болған кезде Янг модулі жоғары болады. Ал Co-Cr негізіндегі жаңа биоматериалдың Young модулі төмен (10-30 ГПа), адам сүйектері сияқты дерлік, сонымен қатар тозуға төзімділігі жоғары. Ғалымдар циклдік термиялы өңдеу әдісін қолданып, өлшемі бірнеше сантиметр болатын үлкен монокристалдарды алуға қол жеткізген. Ғалымдар содан соң Co-Cr-Al-Si (CCAS) қорытпасын жасаған. Оның деформацияны қалпына келтіру жылдамдығы 17% болды, бұл коммерциялық Ti-Ni пішінді жады қорытпаларынан екі есе жоғары. Ғалымдар алдағы уақытта биоматериалды мейлінше оңтайлы қолданудың жолдарын қарастыратын болады.

0 пікір
Мұрағат