Адам ойын оқитын құрылғы ойлап табылды
Адам ойын оқитын құрылғы ойлап табылды
6 жыл бұрын 3128

Массачусетс технологиялық институтының мамандары адам ойын оқи алатын AlterEgo құрылғысының баламасы ойлап тапты.

Бұл туралы CNet жазды, деп хабарлайды Stan.kz.
 
Құрылғының жұмыс істеу принципі ми сигналдарын сүйектен өткізуге негізделген. 
 
AlterEgo-ны қолдану үшін девайс кию керек. Ол мидан келетін ақпаратты қорытып, бұйрықтарды орындайды. Мысалы, егер “Сағат неше?” деп ойласа, құрылғы дәл уақытты айтады. AlterEgo басқа да қарапайым бұйрықтарды орындай береді.
 
Инженерлердің айтуынша, құрылғы ойдың 92 пайызын оқиды. Құрастырушының айтуынша, жаңа құрылғы адам интеллектін кеңейтеді.
0 пікір
Мұрағат