Ядролық қатердің бетін қайтаратын, алайда, ядролық қатерден әлдеқайда қауіпті қару қажет пе
Ядролық қатердің бетін қайтаратын, алайда, ядролық қатерден әлдеқайда қауіпті қару қажет пе
6 жыл бұрын 3805 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Британиялық Daily Star мерзімді басылымы Кеңес одағы кезінде жасалған, батыс елдерінде "Өлі қол" аталып кеткен, «Периметр» деп аталатын ядролық соққыны басқару жүйесінің жетілдіріліп жатқаны турасында хабар таратты. Ядролық қарусыздану мәселесі бойынша әлемдегі көрнекті сарапшылардың бірі Брюс Блэр мұндай қарудың әлі де бар екенін және жетілдіріліп жатқанын мәлімдеді. Маманның айтуынша, бұл қару өзінің "қорқынышты концепсиясына" қарамастан ядролық соғыс қатерін азайтатын көрінеді. "Өлі қол" тұрғанда батыс елдері ядролық соққы берместен бұрын екі шоқып, бір қарауына тура келеді",- деді ол. Яғни, ядролық қаруды қолданбас бұрын аса сақтық таныту қажеттігін алға тартып отыр. Сонда-ақ, мұндай қарудың жүйесі кибершабуылға осалдық танытса, әлемге қауіп төнеді. Тура мағынасында. Батыс сарапшыларын түсінен қашырған «Периметр» қаруы КСРО-ның ядролық соғыс жағдайындағы ең соңғы қорғаныс мүмкіндігі ретінде қарастырылған жүйе. Оның негізгі ерекшелігі сонда - толық автоматтандырылған. Қауіптілігі де осында. Егер жаппай ядролық шабуыл жасалған жағдайда қарымта соққы беру туралы шешімді өзі қабылдайды. Яғни, оны іске қосылған жағдайда адам тоқтата алмайды. Мұндай қаруды жасауды, яғни, оның концепсиясын адамгершілікке мүлдем жат әрекет ретінде қарастырғанымен ол ядролық қаруды қолдануды тежейді. 

0 пікір
Мұрағат