Сиқыршы намаздың құдыреті туралы не деді? (видео)
Сиқыршы намаздың құдыреті туралы не деді? (видео)
3 жыл бұрын 5692 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Ютубтағы «АллатРа ТВ» арнасында өзін маг (сиқыршы) атаған Жанна Кушнирмен (орысша) сұхбат жарияланыпты. Бұл жайында islam.kz порталы islamnews.ru ақпарат көзі мәлім етеді. Ол сөз арасында өзінің сиқырының мұсылмандарға еш әсері жоғын мойындапты. Оның айтуынша, иманы терең мұсылмандар намаздан қорғаныс қамалын тұрғызып алған, олардың алдында дәрменсіз. Осылай дей келе ол христиандардың сеніміне қатысты пікірін де білдіре кетті. Оның пікірінше, христиандардың дені шіркеуге тек жаны қысылғанда ғана келеді, басқа уақытта құдайын ұмытып кетеді. Христиандар арасында Жаратқанға шын сенетіндер қарасы сирек екенін де тілге тиек етті.  «Комментарияда Құдай жүрегінде екенін, шынайы сенетінін жазғанымен шындығында бұлай емес. Алдымен менің айналысатын ісімнің күнә екенін жазады, содан соң жеке хабарламада менің қызметіне жүгінгісі келетінін жеткізеді». Көбінесе өмірде сәттілік пен қандай да бір игілікке, ақшаға қол жеткізгісі келеді. Сиқырлықпен айналысатын адамдар әдетте өздерінің өмірлік тәжірибесі мен қандай да бір наным-сенімге иек артады. Алайда, сиқыр – асыл дінімізде қатаң тыйым салынған, Жаратушы құп көрмейтін әрекет екенін ескерте кетеміз.

0 пікір
Мұрағат