Шектен тыс өңдеуден өткен тағамдар қатерлі ісікке шалдықтыру қатерін он пайызға арттырады
Шектен тыс өңдеуден өткен тағамдар қатерлі ісікке шалдықтыру қатерін он пайызға арттырады
6 ай бұрын 641 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

«Ультра өңдеуден өткен немесе шектен тыс өңделген тағам өнімдері» (UPF) терминінің пайда болғанына көп уақыт өте қойған жоқ. UPF табиғи тағамнан өндірілетін немесе басқа органикалық қосылыстардан синтезделетін тамақ өнеркәсібіне арналған шикізатқа негізделген. UPF құрамында дәм күшейткіштер мен түрлі тағамдық қоспалар бар - консерванттар, бояғыштар, хош иістендіргіштер, т.б. Бұл жайында islam.kz порталы Бристол университетінің сайтына (bristol.ac.uk) сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таяуда бұл тарапта табаны күректей 14 жылға созылған, ондаған елден 450111 адам тартылған зерттеу нәтижесі белгілі болды: UPF-ті тұтыну мен асқазан-ішек жолдарының қатерлі ісікке шалдығуы арасында байланыс бары анықталды. UPF-тің ең басты ерекшілігі – құнары жоғары болғанымен, қоректік заттары аз. Мұндай тағамдарға балмұздақ, кондитерлік өнімдер, газдалған сусындар, шұжықтар, т.б. жатады. Бұдан бөлек, UPF семіздік індетінің қайнар көзіне айналған. Бұл бағыттағы зерттеу барысында ғалымдар бас және мойын қатерлі ісігінің 910 жағдайын және өңеш аденокарциномасының 215 жағдайын тіркеді. Талдау нәтижесі көрсеткендей, UPF-ті тұтыну мөлшері 10 пайыздан асса, онкологиялық аурулар қаупін төрттен бірге арттырады.

Ұқсас материал:

"Фастфудтың миға орасан зор кері әсері анықталды" (https://islam.kz/kk/news/arturli/fastfudtyn-miga-orasan-zor-keri-aseri-anyqtaldy-19354/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат