Сал болып қалған кемтарларға тұруға мүмкіндік беретін Kim-e электрлі мүгедектер арбасы құрастырылды (видео)
Сал болып қалған кемтарларға тұруға мүмкіндік беретін Kim-e электрлі мүгедектер арбасы құрастырылды (видео)
3 ай бұрын 568 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Литвалық Chronus Robotics компаниясы электр жетегі бар, екі доңғалақты, өзін-өзі теңестіретін, яғни, тепе-теңдікті сақтайтын, ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған Kim-e арбасын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы chronusrobotics.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Инновациялық құрылғының басты артықшылығы – онымен адам тұра алатын болады. Бұл жайт өз кезегінде мүмкіндігі шектеулі жанның басқа адамдармен иық теңестіріп, олармен араласа алмайтын кездегі ыңғайсыздықтан арылуға мүмкіндік береді. Ол адамға бірнеше секундта тік позицияда болуына, тігінен тұруына мүмкіндік береді. Арбаны отырып та пайдалануға болады. Қажет болса, орындықты көтеріп, оны сәл алға еңкейтетін қайшы тәрізді жетек механизмі іске қосылады. Мүмкіндігі шектеулі жан құлап қалмасы үшін жамбас тұстағы белдіктер қолданылады. Көтеру механизмі тек дене қозғалысы арқылы басқарылады, ал қолмен күш жұмсап, әуре болып жатпайды. Арба сағатына 20 шақырым жылдамдықпен қозғала алады, ал қуат қоры 30 шақырымға жетеді. Стандартты батареяны толық зарядтау үшін үш сағат қажет. Kim-e ауа амортизаторы бар және 20 градусқа дейінгі еңістерді еңсере алады. Жаңа өнім салмағы 90 келіге дейінгі адамдарға арналған және көліктің жүк салғыш бөлігіне оңай сияды.  

0 пікір
Мұрағат