Қалдырған жеріңізден өз орнына оралатын самокат (видео)
Қалдырған жеріңізден өз орнына оралатын самокат (видео)
4 жыл бұрын 2832 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-та бастапқы жеріне өздігінен қайтып оралатын самокат құрастырылды. Әзірге онымен тек 5 шақырым радиуста ғана жүре аласыз.

Пичтри Корнерс қаласында қашықтан басқарылатын 100 самокат бағы пайда болды. Қоғам игілігі үшін ортақ пайдаланылатын жолға арналған самокатты Go X компаниясы жұртшылықтың назарына ұсынды. Ал оның қашықтан басқару жүйесін Tortoise компаниясы әзірледі. Сынақ мерзімі жарты жылға созылатын скутерді Curiosity Lab технологиялық бағының арнайы бөлінген 5 шақырымдық аумағында ғана тебе аласыз. Аталмыш қала билігі кептелісті азайту мақсатында қолға алған бұл жоба, сондай-ақ, пандемия кезінде көпшілік пайдаланатын қоғамдық көліктерде індет жұқтырып алу қатерін азайтады.

0 пікір
Мұрағат