Пальма майының ең басты қатері анықталды
Пальма майының ең басты қатері анықталды
5 жыл бұрын 4929 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Пайданы арттыру мақсатында арзан алмастырушы ретінде молынан пайдаланылатын палма майы қауіпті аураларға шалдықтырады. Соның ішінде, жүрек-қан тамыр аурулары мен семіздік дертіне ұрындырады. Бұл жайында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзінің кезекті баяндамасында мәлім етті. Аталмыш ұйымның сиясы кебе қоймаған баяндамасында 48 ғылыми зерттеу нәтижесі келтірілген екен. Ғалымдардың айтуынша, палма майы салдыра мен зардабы кейін шығатын, яғни, баяу тұтанып, артынан бұрқ етіп жарылатын бомба секілді: оның зияны темекі өнімдері алкоголь түрлерімен бірдей. Аталған қнімнің лоббистері пальма майының зияны туралы ақпаратты тұтынушыларға жеткізбеу үшін қаржысын аямайды. Өзге өсімдік түрлерінен алынатын майға қарағанда пальма майында қаныққан май мөлшері бірнеше есе көп. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп дабыл қағып отыр.  Әлемнің 23 еліне жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бұл елдерде жүрек ишемиясынан болатын өлім-жітімнің денін осы палма майынан көріп отыр. Бұдан бөлек, пальма майының тағы бір қатері оның адам қанының құрамындағы холестериннің артуына алып келетіндігінде жатыр. Сөз орайы келгенде айта кету керек, бүгінгі таңда палма майын тұтынуда Ресей, Қытай, Үндістан көш бастап тұр. Бұл өнім түрі Малайзия мен Индонезиядан жеткізіледі. Бұл өз кезегінде жергілікті тропикалық флора мен фаунаның жоғалуына қауіп төндіруде.

0 пікір
Мұрағат