Ота кезінде Жаратқанға жалбарынуын үзген жоқ (видео)
Ота кезінде Жаратқанға жалбарынуын үзген жоқ (видео)
5 жыл бұрын 2611 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Хоулсмал Жәңгір есімді Үндістанның тұрғыны миындағы ісікті хирургиялық жолмен сылып тастау кезінде, яғни, өзіне ота жасалып жатқан кезде де дауыстап дұға етумен болды. The Daily Mail ақпарат көзі таратқан хабарға қарағанда, оның миындағы ісік адамның сөйлеу қабілетіне жауапты мидың қауіпті тұсында пайда болған. Сәл қателік кетсе, ол сөйлеуден қалатын еді. Ол ұзақ уақыт бойы пышаққа түсіден бас тартып келген еді. Ауруы асқынған соң ғана амалсыздан келісімін берген. Ота кезінде есінен танған жоқ. Ота сәтті аяқталды. 

 

0 пікір
Мұрағат