Мәтінді тергеннен гөрі қолмен (қаламмен) жазған миға пайдалы болып шықты
Мәтінді тергеннен гөрі қолмен (қаламмен) жазған миға пайдалы болып шықты
4 ай бұрын 1196 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Норвег ғалымдары мәтінді пернетақтада тергеннен гөрі қағазға қолмен жазудың миға тигізер пайдасы көп екенін анықтады. Дәлірегі, қолмен жазу мидың белсенділігін арттырып, есте сақтау қабілетін жақсартады. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы зерттеуге жоғары жиілікті электроэнцефалография және басындағы 256 сенсор арқылы ми белсенділігі тіркелген 36 университет студенті қатысты. Тәжірибеге қатысушыларға бірнеше рет экранда пайда болған сөзді жазуды немесе теруді тапсырды. Жазу кезінде олар сандық қаламды пайдаланды, ал теру кезінде пернетақтадағы пернелерді бір саусақпен басқан. Талдау нәтижесі көрсеткендей, қолмен жазу кезінде мидың қосылу үлгілері, яғни, әр аймағының байланысуы пернетақтада терумен салыстырғанда күрделірек және тармақталған болып көрінеді. Бұл процесс ақпаратты есте сақтауға көмектеседі.

0 пікір
Мұрағат