Коронавирустан қалай қорғану керек? ДСҰ кеңесі
Коронавирустан қалай қорғану керек? ДСҰ кеңесі
5 жыл бұрын 6312 nege.kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустан қорғанудың тәсілдерімен бөлісті. Ескертпе ДСҰ-ның Twitter-дегі парақшасында жарияланды.

Сонымен мамандар мынандай кеңес береді:

  • Қолды сабынмен жуу немесе  алкогольді негіздегі гигиеналық құралдармен сүрту керек;
  • Жөтелгенде немесе түшкіргенде ауызбен мұрынды қолмен немесе шынтақпен бүркемелеу қажет;
  • Суық тиген немесе тұмаумен ауырған адамға мейлінше жақындамаған жөн;
  • Ет пен жұмыртқаны термиялық өңдеуден өткізу керек немесе тек әбден пісіріп қана жеу керек;
  • Жабайы аңдар мен үй жануарларын қолмен ұстамаған жөн.

Бұған дейін халықаралық мамандар Қытайдың Ухань қаласынан тараған қауіпті жаңа індеттің қайдан пайда болғанын тапқан еді. Мамандардың айтуынша, коронавирустың жаңа түрі жыландар мен жарқанаттарда кездеседі. Ол мутацияға ұшырап, адамнан адамға жұғатын қабілетке ие болған.

Қауіпті вирус AliExpress арқылы жеткен тауармен де жұғады

Ресейлік вирусологтар Қытайда пайда болған 2019-nCoV коронавирусы AliExpress интернет сауда алаңынан тапсырыспен алынған тауармен де жұғуы мүмкін екенін мәлімдеді.

«Жөтелгеннен, түшкіргеннен бөлінетін вирустың кішкентай тамшылары заттарда қалып қалады және оны ұстаған адам індет жұқтыруы әбден мүмкін», – дейді ресейлік вирусологтар.

Мамандардың айтуынша, қауіпті вирус кез келген ортада өмір сүруге бейімделген. Және ол өзі түскен заттармен бірге алыс қашықтықтарға көшіп-қонуға да төзімді. Әзірге AliExpress арқылы сатып алынған тауардан коронавирус жұқтырған оқиғалар тіркелген жоқ. Дегенмен індеттің Қытайдың барлық дерлік ірі қалаларына тарағанын ескерсек, вирусологтардың пікірлерін қаперде ұстап, Қытайдан тапсырыспен зат алуды кейінге қалдырған жөн секілді.

0 пікір
Мұрағат