Корейлер ішінде қар борайтын сағат жасады (видео)
Корейлер ішінде қар борайтын сағат жасады (видео)
7 ай бұрын 695 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: yankodesign.com

Оңтүстік Корея инженерлері «Қарлы сағат» ойлап тапты. Ішінде жасанды қар ұйытқып тұратын интерактивті сағат уақыттың қанша болғанын адам сағаттың тіліне қарағанда ғана көрсетеді. Басқа кезде ішінде қар ұйытқып тұрады. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адамның сағатқа қарап тұрғанын анықтайтын құрылғы циферблаттың үстінде орналасқан 3D камера жүйесімен жабдықталған. Пайдаланушы уақытты білуі қажет болған сәтте арнайы желдеткіш жүйесі сағаттың артқы қабырғасында уақыт сұлбасы қалыптасу үшін қар бөлшектерін басады, яғни, қардан уақытты көрсететін сандық таңбаларды қалыптастырады. Адам ондағы қарды қимылымен басқара алады, мәселен, боран соқтыра алады немесе циферблаттан санды өшіре алады. Ондағы қар кәдімгі көбіктен, дәлірегі, пенопластан жасалған. Бірегей сағат Red Dot Award 2023 жүлдесіне ие болды.

0 пікір
Мұрағат