Компьютерлік ойынның да пайдасы бар болып шықты
Компьютерлік ойынның да пайдасы бар болып шықты
4 жыл бұрын 2671 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Компьютерге тәуелділік Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан ауру ретінде ресми танылып, халықаралық аурулар жіктемесіне енген. Осы заманғы көптеген ата-аналардың бас ауруына айналған дерттің алдын алу үшін Қытайда балалардың компьютер алдында отыратын уақытын шектеп, бұдан өзге де шаралар қолданатын жағдайға жеткен. Десе де ғалымдар компьютерлік ойындардың бала үшін пайдасы барын алға тартып отыр. Дәлірегі, компьютерлік ойынды ұдайы ойнайтын бала өзге тұрғыластарына қарағанда маңызды ақпаратқа назарын барынша тез шоғырландыруға машықтанатын көрінеді. Қытайдың электронды ғылым және технология университетінің, Шотландиядағы Стерлинг жоғарғы оқу орнының, сондай-ақ, АҚШ-тың Арканзас университетінің нейрофизиологтары осындай тұжырымға келіп отыр. Олардың бұл бағыттағы зерттеу мақаласы Frontiers in Human Neuroscience ғылыми, мерзімді басылымында жарияланды. Ғалымдар Қытайдың электронды ғылым және технология университетінің 40 студентін қадағалаған екен. Тәжірибеге қатысқан студенттердің жартысы League of Legends экшн-стратегиясын ойнаған. Артынан олардың мұқияттылығын сынап көрген екен. Экранға тез өзгеретін сандар мен әріптерді шығарып, олардың арасынан нақты бір символдарды табу тапсырылған болатын. Сонымен қатар, бір мезгілде ми қызметінің электроэнцефалограммасы жазылып алынды. Аталмыш тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, кәсіби деңгейде ойынды меңгергендер өзге студенттерге қарағанда күрделі сигналдарды тез тапқан. Дәлірегі, ойынқұмарлар қажетті символдарды 96−98% жағдайда дұрыс тапқан. Ал ойынға жоқ студенттердің арасында ең жақсы нәтиже көрсеткендердің көрсеткіші 86%-дан аспаған болатын. Яғни, геймерлердің миы белсенділік танытып, көзге көрінетін сигналдарды тез шалған. Бұған қоса, бейнелер талдауын өзге студенттарге қарағанда 50−100 мс тез аяқтаған болатын. Барынша жедел наза аударып, жылдам жауап қату дағдысын қажет ететін жұмыстар үшін мамандар дайындауда компьютерлік ойындармен жаттығудың маңыздылығы зор болып шыққан.

0 пікір
Мұрағат