Жолбарыстың бір қызды талап өлтіргені таспаға тартылып қалды (видео)
Жолбарыстың бір қызды талап өлтіргені таспаға тартылып қалды (видео)
8 жыл бұрын 2630 tengrinews.kz

Бейжің түбіндегі Бадалин жабайы сафари-бағына келген қызды жолбарыстың тартып әкеткен видеосы Желіде жария болды. Видео "CCTV News "басылымының "Youtube" арнасына жүктеліпті.

Видео сипаттамасында баққа келген қыздың өлгенін, ал тағы бір адамның жарақат алғаны жазылған. Оларға екі жолбарыс шабуылдаған. Оқиға қыздар көліктен шыққан кезде болған. Видеода жыртқыштың қызды тартып әкеткенін, кейін соңынан жүргізуші мен тағы бір қыздың көліктен шыққанын көруге болады. Бақ әкімшілігі келушілерге өз көлігімен қыдыруға рұқсат етеді екен, алайда көліктен шығуға тыйым салыныпты.

"South China Morning Post" мәліметінше, қыз жүргізушімен жанжалдасып қалғаннан кейін шыққан. Көлікте төрт адам болыпты. Көліктен бірінші шыққан қыздың аман қалғаны айтылады. Оны құтқармақ болған екінші қызды жыртқыш өлтіріпті. Бақ тергеу аяқталғанша жабылған

0 пікір
Мұрағат