Жердің айналу жылдамдығын бәсеңдетіп, күнді ұзартқан плотина (видео)
Жердің айналу жылдамдығын бәсеңдетіп, күнді ұзартқан плотина (видео)
4 жыл бұрын 3400 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Плотина – адамзаттың, дәлірегі, өркениеттің дамуына зор үлес қосқан гидротехникалық құрылғы. Жергілікті өңірді мелиорациялау мақсатында судың деңгейін көтеру үшін тұрғызылатын плотина құрылысы басталмас бұрын сол маңдағы елді-мекендерді алдымен қауіпсіз жерге түп қопара көшіреді. Өйтпеген жағдайда бөгет жарылған күні млн тонна су цунами секілді жолындағысын түгел шайып кетеді. Таяуда өзбек пен қазақ шекарасы маңындағы Сардоба су қоймасының жарылуы салдарынан еліміздің оңтүстігінде орын тепкен Мақтарал ауданы су астында қалды. Дәлірегі, 845 баспана мен 3 мың 600 гектар егістік алқабы су астында қалды. Егер алда-жалда Қытай аумағынан ағып өтетін әлемдегі саусақпен санарлық ең ірі өзендердің бірінен саналатын Янцзыда тұрғызылған «Үш шатқал» плотинасы жарылса, жақын маңдағы 13 қала мен 1500-ден аса шағын елді-мекендер су астында қалмақ. 1 млн 300 мыңнан аса адамды жедел эвакуациялауға тура келер еді. Әлемдегі аса қуатты аталмыш плотинаның Жердің айналу жылдамдығын баяулатқанын НАСА ғалымдары есептеп шығарыпты. Су деңгейін теңіз деңгейінен 175 метрге дейін көтерген алып плотинада 39 млрд тонна су жиналған. Бұл өз кезегінде жердің айналу жылдамдығын баяулатып, нәтижесінде күннің ұзақтығы 0,06 секундтқа ұзарған. Бұл жайында zen.yandex.ru ақпарат көзі хабар таратты. 

0 пікір
Мұрағат