Жерді салқындатудың инновациялық тәсілі айтылды
Жерді салқындатудың инновациялық тәсілі айтылды
2 ай бұрын 445 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Ebrahim Noroozi / AP

Америка құрама штаттарының Ұлттық мұхит және атмосфералық басқарма мен NASA зерттеушілері жаһандық жылынуға қарсы күресте Жер атмосферасын салқындатудың жаңа әдісін ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы Science Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың пайымдауынша, мұз кристалдарының тозаңын атмосфераның жоғарғы қабатына шашса, Жерді қызып кету қатерінен біршама сақтайды. Бұл тәсілді ұшақтың көмегімен жүзеге асыруға болады – ауа жайлап көтерілетін стратосферадан сәл төмен – 17 шақырым биіктікте мұз кристалдарының тозыңын шашуға болады. Онда, яғни, ылғалды қабатта буды конденсациялап (будың суға айналу процесі), мұзға айналдырады да атомосферадағы ылғалдылық деңгейін арттырады. Алайда, климат дағдарысына қарсы инновациялық жоба көмірқышқыл газының әсерін азайтуға емес, Жер атмосферасын көмірқышқыл газының жалпы жылу әсерінің жетпістен бір бөлігін бейтараптандыруға, яғни, осылайша салқындатуға бағытталған. Дегенмен, жаһандық жылуынумен күрестің ең жалғыз тиімді нұсқасы – қоршаған ортаға бөлінетін көмірқышқыл газының мөлшерін мейлінше азайту болып қала бермек. Мұз тозаңын бұл мақсатта пайдаланудың ең оңтайлы немесе ұтымды нүктесі – Тынық мұхитының батыс бөлігі - онда тропосфера мен стратосфераның шектесетін тұсындағы Австралия көлеміндей болатын тропопаузада стратосфераға көтерілген су буының негізгі мөлшері қалыптасады.

Ұқсас материалдар:

"Жаһандық жылынуды бәсеңдету үшін күн көзін көлегейлеу ауқымды апатқа ұрындырады – ғалымдар" https://islam.kz/kk/news/arturli/jahandyq-jylynudy-basendetu-ushin-kun-kozin-kolegeileu-auqymdy-apatqa-uryndyrady-galymdar-19181/#gsc.tab=0);

«Жерді салқындатудың тағы бір тәсілі қарастырылуда» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jerdi-salqyndatudyn-tagy-bir-tasili-qarastyryluda-18455/#gsc.tab=0);

«Жерді салқындату үшін атмосфераға күкірт шығарылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jerdi-salqyndatu-ushin-atmosferaga-kukirt-shygaryldy-video-17942/#gsc.tab=0);

«Құрғақшылықпен күресудің тың тәсілі – күн көзін көлегейлеу» (https://islam.kz/kk/news/arturli/qurgaqshylyqpen-kuresudin-tyn-tasili-kun-kozin-kolegeileu-15661/#gsc.tab=0);

«2019 жылы жерді салқындату тәжірибесі қолға алынады жаһандық жылынуға қарсы» (https://islam.kz/kk/news/gylym/2019-jyly-jerdi-salqyndatu-tajiribesi-qolga-alynady-jahandyq-jylynuga-qarsy-11126/#gsc.tab=0);

«Жаһандық жылынудың бетін қайтарудың тағы бір тәсілі айтылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/jahandyq-jylynudyn-betin-qaitarudyn-tagy-bir-tasili-aityldy-15667/#gsc.tab=0);

«Ағаш неғұрлым көп отырғызылса, жаңбырдың да соғұрлым көбірек жауатыны белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/agash-negurlym-kop-otyrgyzylsa-janbyrdyn-da-sogurlym-kobirek-jauatyny-belgili-boldy-15484/#gsc.tab=0);

«Орман жердегі ауа температурасын 15%-ға салқындатады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/orman-jerdegi-aua-temperaturasyn-15-ga-salqyndatady-15596/#gsc.tab=0);

«Күн көзінен, дәлірегі, ультркүлгін сәуледен қандай ағаштың жақсы қорғайтыны белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/kun-kozinen-daliregi-ultrkulgin-sauleden-qandai-agashtyn-jaqsy-qorgaityny-belgili-boldy-14196/#gsc.tab=0);

«Жаһандық жылынумен табиғаттың өзі күреседі – бұлтты ағартатын орман» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jahandyq-jylynumen-tabigattyn-ozi-kuresedi-bultty-agartatyn-orman-15825/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат