Жасырын қатер: Илон Маск жасанды интеллектінің адамзатқа қарсы қауіпті ойынды қашан бастайтынын жеткізді
Жасырын қатер: Илон Маск жасанды интеллектінің адамзатқа қарсы қауіпті ойынды қашан бастайтынын жеткізді
6 жыл бұрын 3623 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдардың айтуынша, жасанды интеллекті болашақта ядролық державалардың бірін абайсыздыққа ұрындырып, яғни, арандатып, арты апатқа соқтыратын сойқанға итермелеуі мүмкін. Яғни, жасанды интеллектінің кесірінен, бірыңғайда ақаулықтың орын алуынан десе де болады, асығыстан ағат шешім қабылдап, қарсыласына ядролық соққы беруі ықтималдығы жоғары. Америкалықтардың RAND Corporation коммерциялық емес ұйымы осы тақырыпта арнайы зерттеу жүргізіп көрген екен. Нәтижесі: 2040 жылға қарай жасанды интеллекті әлемді ядролық соғысқа итермелейтін болып шықты. Жасанды интеллекті геосаяси тұрақтылықтың іргесін шайқасып, ядролық қарудың тежеуші мәртебесіне нұқсан келтірмек. Ал сарапшылар бұл мәселеде не дейді? Ондаған жылдар бойы ядролық қаруға ие елдер бір-бірін тежеп, арасалмақты ұстап тұрғандықтан ядролық қатер біршама сеійілгендей болған. Жасанды интеллекті сыни көзбен қарау дегенді білмейтіндіктен орын алған қандпай да бір саяси тартысты дұрыс бағалай алмайды. Жасанды интеллектінің қауіптілігі осында. Яғни, технология адамның дүниетанымын, қоршаған ортаға қатынасын, т.б. құндылықтарды түбегейлі болмаса да айтарлықтай өзгертеді. Сол себепті, RAND Corporation сарапшылары жасанды интеллектіні әскери мақсатта абайлап пайдалануға кеңес беруде. Өйткені, жасанды интеллектіге кепілдік жоқ. Яғни, сенім жоқ. Техас штатына қарасты Остинде өткен SXSW (South by Sthwestou) технология және мәдениет фестивалінде Илон Маск осындай мәлімдеме жасады. Оның бұл тарапта бір емес, бірнеше рет ескерту жасағаны технологиялық жетістіктердің иглігін көріп, күнделікті өмірімізде пайдаланатын адамзатқа ой салмауы мүмкін. Өйткені, мұндай мәлімдемелер бұрын да айтылып келеді. Алайда, осы саланың білгіріне құлақ асар ма екен әлем?

0 пікір
Мұрағат