Жасанды қар Антарктида мұздағын құтарып қала ала ма
Жасанды қар Антарктида мұздағын құтарып қала ала ма
5 жыл бұрын 3474 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Антарктиданың батысындағы алып мұз қалқан қақ жарылу алдында тұр. Гляциологтардың сөзіне қарағанда, ол кез келген сәтте ыдырап күйреуі әрі жағалауға қарай сырғуы мүмкін. Мамандар бұл мұздақты құтқару үшін оны трлн тоннаға жететін жасанды қармен көмкеру керектігін алға тартып отыр. Мұздың жылжыуна қатысты теорияны зерттеуші ғалымдар мұндай әдісті іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін еместігін көлденең тартуда. Алайда, осындай тәсілмен адамзаттың назарын оңтүстік полюстегі проблемаға аударуға тырысуда. Егер аталмыш мұз қалқаны еритін болса, бұл өз кезегінде әлемдік мұхит деңгейін 3 метрге дейін көтеріп, жағалауда орын тепкен Нью-Йорк, Шанхай, Токио және Калькутта секілді аса ірі мегаполистерді су астында қалдырады. «Біз орны ешуақытта толмайтын шығынға батамыз. Жақын арада ештеңе істемейтін болсақ. Біздің қазіргі болмашы әрекетімізге көңілім толмайды»,- деп ескертті Подстамдағы климатты зерттеумен шұғылданатын институттың климатологы Андерс Леверманн. Ол және оның әріптестері Антарктикада жаһандық жылынуға байланысты болып жатқан процестердің моделін жасады. Антарктиканың батыс бөлігіндегі алып мұз қалқанын құтқарып қалу үшін арасын қатарынан он жыл бойы үзбеуді қажет ететін, 7,4 трлн тонна жасанды қармен көмкеру қажеттігіне көз жеткізеді. Бұл жасанды қар мұздың салмағымен бірдей болғанда ғана мұз массивінің теңізге жылжуын әрі қарқынды еруін тоқтата алады. Алайда, жасанды қардың бұл мөлшері де жеткіліксіз. Мұндай міндетті жүзеге асырудың техникалық жағынан қаншалықты қиындық тударытанын айтпағанда. Жасанды қар алу үшін орасан зор мөлшерде теңіз суын айдау теңіздегі тіршілік иелеріне зардабын тигізеді. Сондай-ақ, мұздың бетінде су жиналмауын қадағалау керек, салмағы ауыр су мұзды суға батырып, мұздың еруі мен жылжуын шапшаңдатады. Жасанды қар алу үшін энергия өндіретін кем дегенде 12 мың жел стансасын тұрғызу керек. Қазіргі есеп бойынша оңтүстік полюстегі еріген мұз массивінен әлемдік мұхит деңгейі осыдан ширек ғасыр бұрынғы деңгейден үш есе асып кеткен. Геоинженерлік мұндай жобаның салдары мен зардабы қандай болатынын ешкім тап басып айта алмайды.

0 пікір
Мұрағат