Жапондар қағаздан батарейка жасады
Жапондар қағаздан батарейка жасады
19 күн бұрын 1164 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жаңа аккумулятордың артықшылығы мен кемшілігі айтылды. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы  күнгі электроникалық бұйымдар мен құрылғылардың барлығы дерлік литилік-ионды батарейкамен жұмыс істейді. Алайда, адам денсаулығына улы болып келетіндіктен және қоршаған ортаға залалы болғандықтан оны кез келген жерге тастай салуға болмайды. Міне, осыны ескерген жапон ғалымдары, дәлірегі,  Тохоку  университетінің инженерлері экологияға зиянсыз батарейканың жаңа түрін ойлап тапты. Бұл құрылғы Mg-air немесе магнилік-ауа батарейкасы деген атауға ие болды. Айрықша батарея магний фолгасына желімделген қағаз парағынан тұрады. Батареяда, сонымен қатар, су, оттегі, AZUL деп аталатын жоғары тиімді электрокатализатор және газды диффузиялық қабат (GDL) бар. Бұлардың әрқайсысын қайта өңдеуге болады және қоқысқа тастаған кезде қоршаған ортаға зиян келтірмейді. Қағаз батареясының бірінші прототипі 1,8 В тұрақты ток кернеуіне қол жеткізді. Ток тығыздығы 100 мА/см²-ге жетті. Максималды шығу көрсеткіші - 103 мВт/см². Аккумулятордың екі кемшілігі бар. Біріншіден, қағаз батареялары бір реттік, яғни, бір мәрте пайдалануға ғана келеді, оларды күнделікті гаджеттерде қолдануға жарамсыз етеді. Екіншіден, бұл батареялар литий иондары жылдамырақ қозғалатындықтан литий-ионды батареяларға қарағанда әлдеқайда баяу зарядталады. Mg-air батареяларының негізгі артықшылықтары: жеңілдігі, шағын қалыңдығы және экологиялық тазалығы. Мұндай батареялар, мысалы, әртүрлі денсаулық сенсорлары мен басқа да медициналық құрылғыларды қуаттай алады.

0 пікір
Мұрағат