Түйеге пластикалық ота жасауға тыйым салды
Түйеге пластикалық ота жасауға тыйым салды
6 жыл бұрын 3993 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сауд арабиясының экология, ауыл шаруашылығы және су ресурсы министрлігі жануарлардың құқығын қорғауға арналған қаулы қабылдады. Ендігі жерде қолданысқа енгізілген жаңа ереже бойынша, мәселен, жануардың ен салу үшін құлағын тілігуе немесе құйрығын кесіп тастауға, тұяғын немесе мүйізін қағуға, иттерді үрмесі үшіен дауыс байланысына жауапты ағзасын кесуге, химиялық жолмен піштіруге, т.б. болмайды. Сондай-ақ, бұл бағыттағы заң талаптарында жануардың терісі мен жүнін бояуға, пластикалық ота жасауға (естеріңізде болса, араб елдерінде түйе жарысы, түйе сымбатына қатысты байқаулар өткізіліп тұратындықтан оларға ботокс жасату, т.б. тыйым салғаны турасында кезінде хабардар еткенбіз - ред.), жануарлардың тез өсуі үшін дәрі-дәрмек беруге тыйым салу қарастырылған. Бұл ережені елемегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жазаланатын болады. 

0 пікір
Мұрағат