Тағы бір жануар жер бетінен жоғалды (видео)
Тағы бір жануар жер бетінен жоғалды (видео)
2 жыл бұрын 2112 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Теңізшілерге перілер туралы аңыздар тудыруға себеп болған ерекше су жануары – дугондар Қытай аумағында тіршілік етеді. Теңіз сиыры дген атпен белгілі бұл сүтқоректілер тобына жататын жануар да тұқымы қалмай құрып кетті. Бұл жайында islam.kz порталы royalsocietypublishing.org ақпарат көзіне және бұл тараптағы зерттеу материалы жарияланған Royal Society Open Science сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай суларында балдырмен қоректенетін аталмыш тіршілік иесі соңғы 20 жыл бойы адамзат көзіне шалынбаған. Дугондарға қатысты деректер шамамен 1960 жылы көптеп кездескен екен, содан кейін, дәлірегі, 1975 жылдан бастап аталған жануар туралы мәліметтер жұтаң тартқан. Мәселен, 2008 жылдан кейін балықшылардың көзіне мүлдем шалынбаған. Қытай ғалымдары 2000 жылдан бері дугондарды көрмегенін алға тартып отыр. Осылайша оны мүлде жойылған жануарлар тізіме енгізді. Дугондардың денелері толық, кең-мол пішілген, салбыраған тұмсығы және делфиндікіне ұқсас жалпақ құйрығы бар. Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) мәліметі бойынша ересектерінің дене тұрқы, дәлірегі, ұзындығы 4 м-ге жетеді және салмағы 400 келіден асады. Олар манаттарға ұқсайды, оларды теңіз сиыры деп те атайды. Алайда, манатиттер тұшшы су экожүйелерінде кездессе, дугондар Африканың шығысынан Уануатуға дейінгі таяз тропикалық мұхит орталарында мекендейді. Мичиган университетінің жануарлардың әртүрлілігі жөніндегі деректеріне сәйкес дугондар жағалау маңында жайылады. Осыған байланысты олар жиі қайықтарға соғылып, балықшылардың торына түсіп қалады. Сонымен қатар, соңғы жылдары адамдар әрекетінен олардың жағалаудағы тіршілік ету ортасы тарылып кеткен немесе жойылған.

0 пікір
Мұрағат