Мұхит тұңғиығынан таңғажайып тіршілік иесі таспаға тартылып қалды (видео)
Мұхит тұңғиығынан таңғажайып тіршілік иесі таспаға тартылып қалды (видео)
2 жыл бұрын 2019 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Маржан полиптеріне жататын таңғажайып тіршілік иесі таспаға тартылып қалды. Алыстан қарағанда әдемі гүлге ұқсайды. Бұл жайында islam.kz порталы Cnet ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар Тынық мұхитының тұңғиығынан таңғажайып теңіз жәндігін тапты. Бұл арада Solumbellula атты тіршілік иесі туралы сөз болып отыр. Solumbellula жәндігі Гавайдың батысындағы аралдар тобына жататын Атолла Джонстон маңындағы суасты тауынан табылған. Оны Nautilus зерттеуші кемесінің суға түсірген ROV аппаратымен тапқан. Бұрын аталған тіршілік иесі Тек екі мұхитта ғана, атап айтқанда, Атлант және Үнді мұхиттарында ғана тіршілік етеді деп саналып келген. Solumbellula — дене тұрқы қынап секілді екі метрге дейін жететін, қармауыштары бар коралл полипі.

0 пікір
Мұрағат