Жолақты жайын балығы жауынан қалай қорғанады (видео)
Жолақты жайын балығы жауынан қалай қорғанады (видео)
4 жыл бұрын 3653 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Таяуда Балидегі Abyss Dive Center Bali деп аталатын сүңгушілер клубы нұсқаушыларының бірі Мари-Лор Вернге су астындағы таңғажайып көріністі таспаға тартып алудың сәті түскен екен. Ол жыртқыш балықтардан қорғану үшін топтасып, бір организм секілді әрекет еткен жас жолақты жайын балықтарының судың ағысымен қалай қозғалатынын бақалаған болатын. Мәселенің мәнісі мынада еді: ересек жайын балығы әдетте өте улы болып келетіндіктен оған жыртқыш балықтар көп жолай бермейді. Ал жасы жайындардың уы әлі толық қалыптаса қоймағандықтан қауіп төнсе, дереу топтасады. Егер таспаға тартылып қалған көріністі мұқият зер салып қарасаңыз, әр балық алдымен төмен, сонсоң жоғары қозғалып, тұтас бір организм секілді жауына сес көрсетеді.

0 пікір
Мұрағат