Жаһандық жылынуға байланысты жыртқыштар көбейеді
Жаһандық жылынуға байланысты жыртқыштар көбейеді
2 жыл бұрын 1832 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар жаһандық жылынудың теңіз қауымдастықтарына ықтимал әсерін зерттеу үшін бүкіл Жаңа әлемнің жағалауында осындай тәжірибелер жүргізді. Олар мұхит температурасының көтерілуі мен жыртқыштардың белсенділігі арасындағы байланысты дәлелдей алды. Бұұл жайында islam.kz порталы Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Натуралист (яғни, табиғатты зеттеуші) биологтар полярлық аймақтардан экваторға дейін түрлердің әртүрлілігі арта түсетінін бұрыннан байқаған - бұл Уоллес ережесі деп аталады. Басқа да осыған ұқсас тенденциялар белгілі: түрлер арасындағы бәсекелестік пен жыртқыштардың белсенділігі полюстерден қашық болған сайын артады, бірақ, бұл салада көп нәрсе түсініксіз күйінде қалып отыр. Бұл бағыттағы зерттеу экологиялық заңдылықтың негізін тереңірек түсінуге мүмкіндік бермек. Бұл тараптағы зерттеу жұмысының ауқымы таң қалдырады: тәжірибелер Солтүстік және Оңтүстік Американың, соның ішінде Атлант және Тынық мұхитының жағалауында шашыраңқы орналасқан 36 алаңда жүргізілді. Дәлірегі, зерттеу Аляскадан Тиерра-дел-Фуэгоға дейінгі 15 мың шақырымға жуық аумақты қамтығаны белгілі болды. Тәжірибе учаскелерінің әрқайсысында үш бірдей эксперимент жүргізілді. Біріншіден, жыртқыштардың белсенділігі қалыпты қоректену жылдамдығымен бағаланды. Екіншіден, тұрақты жыртқыштықтың бентос қауымдастығының (тұңғиық тұрғындары) құрамы мен биомассасына әсері зерттелді. Ақырында, биологтар жыртқыштың аз уақытта жегені қалыптасқан бентикалық қауымдастыққа қалай әсер ететіні қарастырдылған. Бірінші жағдайда биологтар «таяқшадағы кальмар» (кальмар поптары) деп аталатын тұзақ құрылғыларды пайдаланды. Шындығында, бұл кептірілген кальмардың бөліктері, түйреуішке қадалған (қапшық тәрізді) құрылғы-тұзақ. Биологтар бір сағаттан кейін құрылғы тұзаққа оралып, қанша кальмардың желінгенін анықтады. Бұл шама мұхиттың жыртқыштығыныңғ яғни, мұхиттағы жыртқыштар әлеуетінің негізгі сандық көрсеткіші болды. Бұл бағыттағы гипотеза толығымен расталды: жылы суда жергілікті жыртқыштар кальмардан ғалымдар ойлаған уақыттан да аз уақыт ішінде түк қалдырмады. Оның үстіне, әдетте биогеографияның тиісті заңдарында айтылатын ендік емес, судың температурасы шешуші мәнге ие болды. Смитсондық қоршаған ортаны зерттеу орталығының (АҚШ) осы тақырыптағы мақала авторларының бірі Грег Руиз: «Жыртқыштардың жағдайы өзгерген сайын кейбір түрлер жеңеді, ал басқалары жеңіліс табады»,- деп тұжырды.

Места проведения экспериментов и средняя температура воды в них / © G.V. Ashton et al.

© G.V. Ashton et al

(ықшамдалып алынды – ред.)

0 пікір
Мұрағат