Бәрінен биік ұшатын жыл құсы
Бәрінен биік ұшатын жыл құсы
3 жыл бұрын 2888

Швециядағы Лунд университетінің сарапшылары алыс сапар кезінде бәрінен ең биік ұшатын құсты анықтады. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, маңқы құсы (Gallinago media)  жыл құстары арасында бәрінен биік ұшады екен. Бұл жайында massaget.kz ақпарат көзі мәлім етеді. 

Current Biology хабарлағандай, құстың бұл түрі көбіне Швеция жерін мекен етеді. Ал қыста Африка мен экватор сызығына жақын маңды паналайды. Қоныс аудару үшін олар 2-4 күн ішінде 6 мың шақырымды артта қалдырады. Ұшқанда 28 500 фут (8 686 метр) биікке дейін көтеріле алады екен.

Зерттеуші мамандар бірнеше құсқа биіктікті өлшейтін құрылғы байлаған. Оның бірі Африкаға қоныс аудару кезінде 5 сағат бойы 8 мың метр биіктікте ұшқан. Ал ең жоғары ұшқаны 8 700 метр болған.

Бұл өзге мекенге қоныс аударатын жыл құстары арасында ең биікке ұшатын құс, - дейді ғылыми жұмыс авторлары.

Ғалымдар маңқының күндіз биікте, түнде төмен ұшатынын анықтаған. Осындай биіктікте ұшатын өзге жыл құстары болуы да мүмкін. Ол да енді қосымша зерттеуді қажет етеді.

0 пікір
Мұрағат