Жалған ақшаларды қалай анықтауға болады
Жалған ақшаларды қалай анықтауға болады
5 жыл бұрын 2023 7kun.kz Гүлдана Қазтай, Today.kz

Жалған ақша белгілері бойынша БАҚ-та ақпараттың пайда болуына байланысты Ұлттық Банк хабарлайды.

Алаяқтардың алдауына түсіп қалмас үшін, нақты банкноттарда мыналарға назар аударған жөн:

  • суреттер анық, бұлыңғыр емес;
  • су белгілері жарықта көрінеді, олар «Самұрық» мифтік құстың бейнесі мен мөлдірліктің жоғары дәрежесі бар номиналдың бейнесін білдіреді;
  • банкноттың алдыңғы және артқы жағындағы біріктірілетін элементтер, жарық бақылау кезінде тұтас сурет жасай отырып, дәлме-дәл біріктіріледі;
  • банкноттың алдыңғы және артқы жағында арнайы бедерлі мөрді сезінуге болады;
  • сурет түріндегі кескіндер бар, олар түсі өзгеретін бояумен жасалған. Банкноттың бұрышын өзгерту кезінде кескіндердің түсі жасылдан алтынға ауысады;
  • нақты банкноттарда жарықта бір қатты сызықты құрайтын қорғаныш қыртыс жіп орналасқан.

Егер банкнотта осы белгілердің барлығы болса, онда ол нағыз банкнот болады.

Ұлттық Банк халықты қырағы болуға және нақты банкноттарды жалған банкноттардан ажыратуға көмектесетін бірнеше ережелерді сақтауға шақырады.

1.Ең алдымен банкнотты сезіну керек. Банкнот қағазының өзіндік ерекшелігі бар. Банкноттарда рельеф жасайтын арнайы мөр болады.Рельефті «Қазақ Елі» монументі, банкнот номиналының әріптік бейнесі, сәулеттік бейнелері, Қазақстан картасы және «Қазақстан ҰЛТТЫҚ БАНКІ»деген сөздер орналасқан жерде сезіну мүмкін.

Барлық банкноттарда көру қабілеті нашар адамдар үшін сипау кезінде жақсы білінетін дөңес жоғары рельефті элементтер түріндегі белгілер бар.

2. Содан кейін банкнотқа мұқият қарау керек. Банкноттың түсі анық болуы тиіс, су белгісі мен номиналдың сандық бейнесін көру үшін банкнотты жарыққа қарай қарау қажет.

Сол сияқты, банкноттың бетінде жарықта айқын көрінетін жазулар бар сызықшалар түрінде пайда болатын қатты жіптерге назар аудару керек.

3. Соңғысы, банкнотты бұру қажет. Номиналы 1000, 2000, 5000, 10000 және 20000 теңгелік банкноттарда өзгермелі түстердегі бояумен салынған сурет түріндегі бейнелер бар. Банкноттың еңіс бұрышын өзгерткен кезде суреттердің түсі жасыл түстен алтынға дейін өзгереді.

Ал номиналы 2000 және 5000 теңгелік банкноттардың сыртқы жағында голографиялық жолақ бар.

Көрсетілген әдістердің көмегімен банкнотттарды арнайы құрал-жабдықтарды қолданбай, түпнұсқалығын тексеруге болады. Бұл әдістерді қолдану уақыты 5 секундтан аспайды.

0 пікір
Мұрағат