Ерекше стартап арқылы табыс табу мүмкіндігі туып тұр
Ерекше стартап арқылы табыс табу мүмкіндігі туып тұр
4 жыл бұрын 1933 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Лондондық Geomiq стартапы адамдарға өзінің бет-бейнесі арқылы табыс табуға мүмкіндік тудырып отыр. Яғни, сіз жүзіңізді робот құрастыратын компанияға сатасыз. Сіздің бет теріңізді сыпырып алады екен деп тура мағынасында әрі тым дөрекі түсініп қалмаңыз: бұл арада авторлық құқық туралы сөз болып отыр. Гуманоидтік робот үшін нақты бір адамның бет-бейнесі пайдаланылады. Мәміле құны – 125 мың доллар. Сіз туралы ақпарат барынша құпия ұсталады. Сіздің бейнеңіздегі робот өз бетінше жүріп-тұруы қиын қарт адамдарды күтуші қызметін атқарады. Аталмыш жоба Шанхайдағы венчурлық капитал мен қор есебінен қаржыландырылады. Адамдардың бет-бейнесі пайдаланылған роботтар келесі жылдан бастап құрастырыла бастайды. Бір адамның бет-бейнесі мыңдаған роботта пайдаланылады. Әлбетте, үміткерлер қатаң іріктеледі – белгісіз өлшемдер бойынша. Бұл қалжың емес, мұндай ұсыныс өте сирек кездеседі. Сол себепті, бұл жобаға барынша салмақты көзбен қараңыз. Мыңдаған болашақ андроидқа өзінің жүзін тарту еткісі келетіндер faces@geomiq.com адресі бойынша өтінішін бере алады.

0 пікір
Мұрағат