Енді көлігіңізде "Ш" белгісі болмаса, айыппұл арқалауыңыз мүмкін
Енді көлігіңізде "Ш" белгісі болмаса, айыппұл арқалауыңыз мүмкін
8 жыл бұрын 7372 alashainasy.kz

Енді әрбір көлік иесі қысқы дөңгелек салып, егер бүрі болса, арнайы белгі жапсырып қоюы тиіс. 1 желтоқсаннан бастап елімізде осындай талап енгізіліп отыр. Артқы терезесінде «Ш» әрпі бейнеленген белгі болмаса, жүргізушіге айыппұл салынады. «Бұл – жол көлік апатының алдын алу үшін жасалып отырған шара», - дейді полиция қызметкерлері.

Яғни артында келе жатқан көлік жүргізушісі алдыңғы машинаның тежелу жолы қысқа екендігін білуі қажет. Қазір тәртіп сақшылары тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Еліміздің барлық өңірлерінде желтоқсан айына дейін көлік иелері жазғы дөңгелегін қысқыға ауыстыруға міндетті. Құрмет Мәжікенов, облыстық ЖПҚ басшысының орынбасары: - Кейбір жүргізушілер ауа райына байланысты бұдырлы дөңгелектерді қазан, қараша айларында ертерек тағып алған. Сол сәтте олар заң талабына сәйкес артқы терезелеріне арнайы белгі жабыстыруы қажет. Әзірге тек ескертумен шектеліп жатырмыз. Ал 1 желтоқсаннан бастап ондай белгісі жоқ жүргізушілерге ҚР Әкімшілік кодексінің 620-бабы бойынша 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

0 пікір
Мұрағат