CES 2024 көрмесінде жарқанаттарға арналған «ұйқы қапшығы» популяцияны жойылудан сақтайды (видео)
CES 2024 көрмесінде жарқанаттарға арналған «ұйқы қапшығы» популяцияны жойылудан сақтайды (видео)
4 ай бұрын 614 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Айрықша құрылғы жаһандық жылыну салдарымен күресуге арналған. Бұл жайында islam.kz порталы Interesting Engeneering ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Француздардың Inveo экологиялық стартапы Лас-Вегаста өтетін жыл сайынғы халықаралық тұтыну электроника көрмесінде (CES 2024) жарқанаттар үшін «ақылды баспананы» жұртшылық назарына ұсынды. Өзгеше құрылғы жарқанатты төтенше температурадан құтқарып, экожүйені сақтауға көмектеседі. BatCave Connect - үңгірге немесе жарғанаттар мекендейтін қалтарыс жерлерге орнатылатын, оқшауланған жарғанат үйі. Құрылғы қоршаған ортаны қадағалайтын және ысып кеткенде салқындататын температура сенсорларымен жабдықталған. Құрылғы камерамен және желіге қосылуға арналған модульмен жабдықталған. Сондықтан экологтар мен зерттеушілер «баспананың» жай-күйін, ондағы жағдайларды және жануарлардың мінез-құлқын бақылай алады. Әзірлеушілер құрылғының басқа түрлер үшін қауіпсіз екенін, күн сәулесінен қуат алатынын және Францияның оңтүстігіндегі жарғанаттар мекендейтін орындарында қатаң сынақтан өткенін атап өтті. Мұндай құрылғы не үшін қажет? Жаһандық жылынуға байланысты экологиялық тепе-теңдікті сақтауда маңызы зор жарқанаттардың жойылу қатерінің алдын алуға көмектеседі. Өйткені, түнде ұшатын тіршілік иесі Целсия бойынша тек 40 °С-қа дейін төтеп бере алады. Жарқанаттар жойылса, қауіпті жәндіктер, соның ішінде масалар көбейіп, инфекциялық аурулар таралады.

0 пікір
Мұрағат