Бүгін Қағбадан көлеңке жоғалатын күн: биыл Рамазан айы сирек болатын астрономиялық құбылыспен басталады
Бүгін Қағбадан көлеңке жоғалатын күн: биыл Рамазан айы сирек болатын астрономиялық құбылыспен басталады
7 жыл бұрын 26484 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мысырдың ұлттық астрономия және геофизика зерттеу институты биыл қасиетті айдың алғашқы күні ерекше аспан құбылысымен басталатынын жеткізді. Мысырлық ғалымдардың тұжырымдауынша, сенбі күні, дәлірегі, Мекке уақытымен 12:18-де (бесін намазы таяғында) күн қасиетті Қағбаның үстіне перпендикуляр көтеріледі. Яғни, түсінікті тілмен айтқанда, Қағбаның көлеңкесі болмайды. Мұндай құбылыс биыл екі рет қайталанады: мамыр айының 27-і күні, яғни, Рамазан айының басында және Ораза айтының алғашқы күні, яғни, шілде айының 15-і күні.  

0 пікір
Мұрағат