Биыл қанша мобилді телефонның қоқысқа тасталатыны айтылды
Биыл қанша мобилді телефонның қоқысқа тасталатыны айтылды
2 жыл бұрын 1024 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2030 жылға дейін қоқысқа шамамен 74 млн тонна электроникалық бұйым тасталады. Бұл жайында islam.kz порталы BBC ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал биыл күллі әлем бойынша ұзын саны 5,3 млрд мобилді телефон қоқысқа тасталады. Мұндай деректі электроника және электр құрылғыларының қалдықтарына (WEEE) қатысты халықаралық форумға қатысқандар келтіріп отыр. Бұл тараптағы жаһандық сату статистикасы бойынша есептелген WEEE болжамы электрондық қалдықтардың қоршаған ортаға қаншалықты залал келтіретінін айқын көрсетеді. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, адамдардың кейбіреуі ескі телефондарды қайта өңдеуге жіберу үшін сақтайды, яғни, қоқысқа тастамайды. Пайдаланылған ескі құрылғылардағы бағалы металдарды, мысалы, батареялардағы кобальтты немесе электр сымдарындағы мысты - жаңа телефондар үшін жаңа әдіспен өндіруге мүмкіндік пайда болады. Бүгінде бүкіл әлемде 16 млрд смартфон немесе мобилді телефон бар. Мәселен, бір ғана Еуропада сатып алынған әрбір үшінші смартфон талай уақыттан бері пайдаланылмай келеді. WEEE болжамдарына сәйкес 2030 жылға қарай жыл сайын шамамен 74 миллион тонна электроника мен электр жабдықтары полигонға кетеді - кір жуғыш машиналар мен тостерлерден бастап планшеттер мен жаһандық позициялау жүйесінің (GPS) құрылғыларына дейін.

Ұқсас материалдар:

«Электронды қоқыс» (https://islam.kz/kk/news/arturli/elektrondy-qoqys-11640/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат