Аурудың жаңа түрі: Заманауи заттарға аллергия
Аурудың жаңа түрі: Заманауи заттарға аллергия
7 жыл бұрын 3881

“Көптеген химиялық сенситивтілік синдромы” термині қалың жұрт пен дәрігер мамандар арасында танымал емес. Десе де, мамандар бұл аллергия түріне дамыған мемлекеттегі адамзаттың 16%-ы шалдыққанын айтады. 

Бұл туралы stan.kz ақпарат көзі gubdaily.ru басылымына сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Бұл синдромның шын мәнінде бар екеніне мамандар талас жүргізіп жатыр. Ол әлемдік денсаулық сақтау организациясының немесе америкалық медицина ассоциациясының ресми тізіміне енбеген. Алайда аталған синдромға қатысты алғашқы мақалалар 2000-жылдары жазыла бастаған болатын. 2004 жылы АҚШ-та жүргізілген зерттеу жұмысы заманауи заттарға 12,6-15,6% адамның аллергиясы бар екені анықталған. Олардың 80%-ы әйелдер. Бұл адамдардың жасы, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы әртүрлі.

Мамандар MCS ауруына шалдыққандардың, әтір, кір жуатын ұнтақ, ыдыс жуатын құрал, құрылыс материалдары, табак түтіні сынды заттарға аллергиясы бар. Денесі тітіркеніп, ұйқысыздық мазалап, ойын жинақтай алмай, саналы шешім қабылдауға қиналып, тіпті, созылмалы күйзеліке түсіп кететін кездері болады екен.

Балаларда бұл синдром беті мен құлағының қызаруы арқылы көрініс табады. Мұнымен қатар, белсенділіктері шектен тыс артып, көздерінің асты көгеріп тұрады екен.

0 пікір
Мұрағат