Атеистке қарағанда иманды жанның денсаулығы мықты келеді
|
Иманы бар адамның денсаулығы атеистке қарағанда мықты келеді. Әлеуметтік қолдау аясында жүргізілген зерттеу нәтижесіне қарап, АҚШ ғалымдары осындай тұжырымға келді. Тәжірибеге 40-65 жастағы ер-азаматтармен қатар әйелдер де қатысты. Мешітке, шіркеуге және синагогқа, былайша айтқанда, қандай да бір дінге қатысы бар ғибадат ғимаратына барып тұратындардың денсаулығы мүлдем ат ізін салмайтындарға қарағанда әлдеқайда жақсы нәтиже көрсеткен. Ғалымдардың айтуынша, адам дұға еткен кезде бір сәтке болса да мына дүниенің қам-қайғысы мен күйбең тірлігін ұмытып, жаны жай табады, бұл өз кезегінде дұға еткен адамның жігерін жанып, көңіліне кірбің түсірген нәрселерді ұмытуына септігін тигізеді. Өмірдегі қиындықтарды еңсеруіне көмектеседі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
BionicBee робот аралары үйір құруды үйренді (фото+видео)
■
SiMaxx аккумуляторлы кеудешелер болашақ сарбаздарын екі есе энергия қорымен қамтамасыз етеді (видео)
■
Күн энергиясы бойынша көш бастаған елдер анықталды
■
Адамзат таза әрі шексіз энергия алуға бір табан жақындады
■
Ең пайдалы жемістердің біріне жойылу қаупі төніп тұр