Атеистердің діндарларға қарағанда жатты жақынындай көру сезімі бес есе төмен болатыны анықталды
Атеистердің діндарларға қарағанда жатты жақынындай көру сезімі бес есе төмен болатыны анықталды
13 күн бұрын 362 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қандай да бір ғибадат ғимаратына (мейлі ол мешіт болсын, шіркеу болсын немесе синагога болсын) жиі баратын адамдардың атеистерге қарағанда өздерін бақытты сезінетіні анықталды. Бұл тарапта америкалық Gallup қоғамдық пікір институтының сарапшылары табаны күректей бес жыл бойы зерттеу жүргізе келе осындай қорытынды жасады. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы аралықта, яғни, аталған мерзімде Gallup сарапшылары әлемнің 21 елінде сауалнама жүргізген екен. Нәтижесінде құдыретті күшке сенбейтіндерге қарағанда діндарлар өз өмірін жағымды жағынан сипаттаған. Тара Тиагаражан есімді нейробиолог рухани белсенділіктің адамның психикалық денсаулығына оң әсерін тигізетінін алға тартып отыр. Оның айтуынша, Ыбырайым негізін қалаған дінді ұстанушылар өзгелерді өзіндей көріп, есепсіз жақсы көре алады. Ал атеистерде мұндай қасиет бола бермейді. Дәлірегі, атеистердің бойында жатты жақынындай көру сезімі діндарларға қарағанда бес есе төмен болатыны анықталған. Туған-туыстарына немқұрайды қарайтындар қарасы Германия мен Ұлыбританияда көп болып шықты.

0 пікір
Мұрағат