Artus экзосүлдесі жұмысшылардың саусақтарын шамадан тыс күш түсуден қорғайды (видео)
Artus экзосүлдесі жұмысшылардың саусақтарын шамадан тыс күш түсуден қорғайды (видео)
3 ай бұрын 505 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Немістердің Digity компаниясы Artus өнеркәсіптік экзосүлдесін шығарды. Ол механикалық жұмыс кезінде саусақтарды шамадан тыс күш түсуден қорғап, басқа зақымдардан сақтайды. Бұл экзосүлде пассивті режимде жұмыс істейтін жоғары технологиялық әмбебап құрылғы. Бұл жайында islam.kz порталы  techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өнеркәсіптік құрал-құрылғылардағы қатты түймелерді кейде күш түсіріп басуға тура келеді – саусақтарды кері итеретін реакция өз кезегінде буындардағы сіңірлер мен басқа тіндерге зақым келуі ықтимал. Мұндай әрекет үнемі қайталанған жағдайда саусақтың бүгіліп жазылуына кері әсер етіп, икемсіз етеді. Буындар тозады. Artus - DigiLocks артикуляциясы бар үш сегменттен тұратын саусақ тіркемелері. Сегменттер нейлоннан жасалған, қосылыстар тот баспайтын болаттан және полимерлерден жасалған. Құрылғы саусақтардың қимылын шектемейді, яғни, қолайсыздық тудырмайды және саусаққа күш түсуге жол бермейді, дәлірегі, буындардың шектен тыс иілуіне жол бермейді.

 

0 пікір
Мұрағат