Әлемдегі ең шағын аралға тек бір үй мен ағаш ғана «сыйды»
Әлемдегі ең шағын аралға тек бір үй мен ағаш ғана «сыйды»
6 жыл бұрын 4091 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-та ағатын Әулие Святого Лаврентия өзеніндегі Джаст-рум-инаф аралы әлемдегі ең шағын арал саналады. Аталмыш аралдың аумағы 306,6 шаршы метрді құрайды. Бұл жайында Daily Mail ақпрат көзі хабар таратты. 1950-ші жылы оны америкалық Сайзленд отбасы сатып алады. Олар онда шағын үй тұрғызып, ағаш отырғызады. Қалған бос жеріне үш орындық әзер дегенде «сыйған» еді. Сайзленд отбасындағылар ғой осы аралға атау берген Джаст-рум-инаф деп. Мағынасы «Тура шақ келіп, сыйып кетті». Айта кетейік, бұл арал қазіргі уақытта Гиннес рекордтар кітабына енген, ғимараты бар шағын арал Бишоп-роктан екі есе кіші. Бишоп-рок аралы Атлант мұхитында, Британияның Корнуолл түбегінен 45 шақырым қашық жатыр. XIX ғасырда бұл аралда биіктігі 49 метрге жететін маяк тұрғызылған болатын.

0 пікір
Мұрағат