Әлемде тұңғыш рет халал чемпионаты өтеді
|
Бүкіл әлемдік мейрамханалық спорт федерациясы мейрамханалық спорттан халал чемпионаты өтетінін жария етті. Исі мұсылман үшін айтулы шара келесі жылдың ақпан айының 22-24 аралығында Өзбекстанда өтпек. Бұл жайында islam.kz порталы «Спутник" ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүкіл әлемдік мейрамханалық спорт федерациясы әлемнің 36 ұлттық федерациясын біріктіріп отыр. Аталмыш чемпионатқа қатысуға өтініш беріліп жатыр. Осы орайда 2018 жылы Өзбекстан аспаздары Стамбұл қаласында, мұсылман елдері арасында өткен аспаздық чемпионатта бірінші орыннан көрінгенін айта кетпекпіз. Бармағынан бал тамған аспаздар сол кездегі шарада шариғат талаптарына сай тағам түрлерін дайындаудан жарысқа түскен еді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Әлемдегі ауа тазартатын ең ірі зауыт іске қосылды (видео)
■
Таяу Шығыстағы ең бай қала аталды
■
BionicBee робот аралары үйір құруды үйренді (фото+видео)
■
Cаудиядағы қасиетті орындарда климаттық бақылау жүйесі іске қосылады
■
SiMaxx аккумуляторлы кеудешелер болашақ сарбаздарын екі есе энергия қорымен қамтамасыз етеді (видео)