Александр Емельяненко кіші қажылығын өтеді (видео)
Александр Емельяненко кіші қажылығын өтеді (видео)
5 ай бұрын 2552 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресейлік палуан Александр Емельяненко ұмраға барып, қасиетті Мәдинада таспаға тартып алған көріністерді әлеуметтік желіге жүктеді. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бірыңғай ақ киінген 42 жастағы спортшы өзінің жазылушыларының назарына Пайғамбар (ﷺ) мешітінің (әл Мәжит ән Набауи) көрінісін ұсынды. Танымал тұлға болғандықтан ол қасиетті мекенде де елеусіз қалмады – орыстілді қажылар онымен мұсылманша амандасып, фото-суретке түсті. Осы орайда өткен жылы ресейлік палуанның Ингушетиядағы «Иман» оңалту орталығында адам өліміне әкеп соқтыратын жат әдетке тәуелділіктен емделіп, исламды қабылдағынын айта кетпекпіз. Сөз орайы келгенде осы жылы оның үш жекпе-жегі болатынын менеджері хабарлағанын айта кетпекпіз.

https://www.youtube.com/shorts/bUpo_s52liM?feature=share

0 пікір
Мұрағат