Адамның қан қысымын, психикалық және жалпы денсаулығын айтып беретін "ақылды айна" пайда болды (видео)
Адамның қан қысымын, психикалық және жалпы денсаулығын айтып беретін "ақылды айна" пайда болды (видео)
4 ай бұрын 978 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

CES көрмесінде емханаларда, дәріханаларда және фитнес орталықтарында қолдануға арналған MagicMirror медициналық айнасы жұртшылық назарына ұсынылды. Бұл жайында islam.kz порталы prnewswire.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. NuraLogix компаниясы Лас-Вегас қаласында өткен халықаралық тұтыну электроника көрмесінде (CES) психикалық және жалпы денсаулықты бағалауға арналған, MagicMirror деп аталатын ақылды айнаны жұртшылық назарына ұсынды. Құрылғы пайдаланушылардан жеке деректерді жинамайды және мәліметтерді енгізуді қажет етпейді, соған қарамастан адамның кескін-келбетін талдау негізінде түрлі аурулардың даму қаупінің бар-жоғын «айтып береді». Айрықша құрылғы компанияның Anura мобилді қосымшасында қолданылған патенттелген технологиясына негізделген. Құрылғы қан қысымы сияқты өмірлік маңызды белгілерді тексеру және жүрек ауруының қаупін бағалау үшін адамның беті мен жүзіндегі қан ағымын талдайды. Ол, сондай-ақ, теріні сканерлеу арқылы адамның жасын «болжайды» және пайдаланушының қаншалықты күйзеліске ұшырағанын анықтайды. MagicMirror қолданбасын пайдалану үшін жай ғана айна алдына отырасыз. Айна адамның бет-әлпетін сканерлегенімен, құрылғы бейнені таспаға тартып алмайды, яғни, жеке басыңызға қатысты мәлімет жиналмайды. Компания өзінің трансдермалды оптикалық бейнелеу технологиясын пайдаланады - фотоплесмитография бетті автоматты түрде таниды және қан ағыны мен айналымын талдау үшін негізгі аймақтарды анықтайды. Жиналған анонимді деректер бұлттық қоймаға жіберіледі, онда жасанды зерде (AI) жиналған ақпаратты моделді үйрету үшін пайдаланылатын деректермен салыстырады. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл құрылғы денсаулықтың 100-ден астам параметрлерін алуға мүмкіндік береді. Мысалы, құрылғы қан қысымын, дене салмағының индексін, зат алмасудағы ауытқуларды, күйзеліске ұшырау қаупін, инсульт, гипертония, қант диабеті және басқа ауруларды анықтайды. Құрылғы құны – 70 доллар шамасында.

0 пікір
Мұрағат