Адамға қолдан өсірілген құлақ тігілді
Адамға қолдан өсірілген құлақ тігілді
2 жыл бұрын 1851 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Америкалық медицина тобы пациенттің өз тінін пайдалана отырып,аадам құлағын зертханада өсіргендерін мәлімдеді. Осылайша 3D-биоимплантты алуға қол жткізген. Бұл жайында islam.kz порталы science.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы хирургиялық ота микротиясы (құлақтың сыртқы бөлігінің дұрыс қалыптаспауы әрі көлемінің адам жасына сәйкес келмеуі – ред.) бар адамдар үшін оның қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалау мақсатында ерте кезеңдегі клиникалық сынақтың бөлігі ретінде жасалды. AuriNovo — 3DBio Therapeutics компаниясының мамандары әзірлеген имплант. Бұл отаны микротия институтының негізін қалаған әрі осы оқу ордасының жетекшісі Артуро Бонилиа басқарды. Алдымен құлақтың сызба-нұсқасын жасау үшін науқастың екінші құлағын 3D сканерлеуден өткізді. Содан кейін зерттеушілер оны өсіру үшін құлақ шеміршек жасушаларының үлгісін алды. Содан кейін құлақтың сыртқы бөлігін жасанды жолмен қалыптастыру үшін жасушалар коллаген негізіндегі биоинкпен араластырды. Имплант пішінін сақтау үшін басып шығарылған, биологиялық ыдырайтын қабықпен қоршалған. Кейінірек ол науқастың денесіне сіңіп, кірігетін болады. Ғаымдардың айтуынша, импант құлақ уақыт өте келе жетіліп, табиғи түріне ие болады.

Женщине трансплантировали ухо, напечатанное на 3D-принтере: Яндекс.Новости

Микротия

0 пікір
Мұрағат