Адамдар ең ұзақ ғұмыр сүретін аймақтар анықталды
Адамдар ең ұзақ ғұмыр сүретін аймақтар анықталды
4 ай бұрын 2601 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

20 ғасырдың басында Ұлыбританияда орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 46 жасты құраса, бүгінде бұл көрсеткіш 82-ге дейін өскен. Осы елеулі жетістікке қарамастан, адамдар ғұмырын ұзартатын немесе кем дегенде, қартаю процесін, яғни, организмнің тозуын баяулататын емдеу әдістерін іздеуден бір танған емес. Бұл жайында islam.kz порталы Science Alert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адамның ғұмыры әжептәуір ұзарғанымен жас ұлғая келе жабысатын және созылмалы ауру түрлерінен құтылған емес, соның ішінде жүрек ауруы бірінші орында тұр. Қарттық шақты барынша ауырмай-сырқамай өткізудің амалдары іздестіріліп жатыр. Алдыңғы зерттеулер Италиядағы Сардинияда «көгілдір аймақты» (жер бетіндегі адамдар ең ұзақ ғұмыр сүретін өлкелердің шартты атауы – ред.) анықтады, онда аймақтың орталық-шығыс таулы өңірлері ғасыр жасайтын адамдар қарасының көптігімен немесе жоғары көрсеткіштерімен сипатталады. Сонымен қатар, зерттеушілер Грециядағы Икария, Жапониядағы Окинава, Коста-Рикадағы Никоя және Калифорниядағы Лома Линда сияқты басқа да «көк аймақтарды» ашты. Ғалымдар көгілдір аймақ тұрғындарының ұзақ өмір сүруіне негізінен ауылдық жердің табиғаты мен қоршаған ортаның ластану деңгейінің төмендігі себеп болуы мүмкін, деп болжайды. Сонымен қатар, арнайы гендердің де ықпалын жоққа шығармайды. Дегенмен, зерттеу нәтижесі көрсеткендей, генетика ұзақ өмір сүруге әсер ететін факторлардың 20-25%-ын ғана түсіндіре алады. Бұдан бөлек, Англия университетінің Раскин тобы жүргізген бұл тараптағы зерттеу әрбір көгілдір аймақ тұрғындарының ас-ауқанының өзгеше келетінін анықтаған еді. Барлық көгілдір аймақ тұрғындары тұтынатын дәмге тән ортақ нәрсе – көкөніс пен жеміс-жидектің молдығы. 

0 пікір
Мұрағат