2025 жылы 240 миллион компьютер электронды қоқысқа айналады
2025 жылы 240 миллион компьютер электронды қоқысқа айналады
5 ай бұрын 972 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Canalys халықаралық нарықты зерттеу компаниясының сарапшылары компьютер нарығын зерттей келе алдағы екі жылға өз болжамын ұсынды: пайдаланушылардың көбісі өз құрылғысынан Windows 10 серверінің жұмыс істемеуіне байланысты бас тартпақ. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш компанияның сайтына (canalys.com) сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2025 жылдың қазан айының 14-і күні Microsoft корпорациясы Windows 10 үшін жаңартуларды шығаруды тоқтатады. Барлық компьютер иелері аппараттық құралдарға қойылатын талаптарға байланысты операциялық жүйенің жаңа нұсқасына жаңарта алмайды. Сарапшылардың пікірінше, құрылғылардың шамамен бестен бір бөлігі Windows 11 жүйесімен үйлеспейтіндіктен электронды қалдықтарға айналады. Бұл шаманы нақты санға айналдырсақ  240 миллион компьютерге сәйкес келеді екен. Егер бұл құрылғылардың барлығын бірінің үстіне бірін қалауға келетін ноутбук түрінде болса, 600 шақырым биік үйіндіге айналар еді. Осы 240 миллион құрылғылардың көпшілігі, егер олар жақсы жағдайда болса, қайта өңдеуге келуі мүмкін, десе де Windows жүйесінің соңғы қолдау көрсетілетін нұсқасымен сәйкес келмеуіне байланысты оларды жөндеу және қайта сату құнын айтарлықтай төмендетеді.

 

0 пікір
Мұрағат