Зейнетақы жинағының 10 пайызын алуға заң жүзінде рұқсат берілді
Зейнетақы жинағының 10 пайызын алуға заң жүзінде рұқсат берілді
4 жыл бұрын 13119 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Чили парламенті ел азаматтарына зейнетақы жинағының 10 пайызын шешіп алуға рұқсат беретін заң жобасын қабылдады. Аталған ел депутаттары осылайша пандемияның экономикалық кері салдары мен зардабына байланысты зейнетақы жүйесінде конституциялық түзетуге дауыс берді. Чили президенті Себастьян Пиньера бұл заң жобасына қарсы болғанымен билік басындағы коалиция депутаттарының көбісі аталмыш бастамаға қолдау білдіргендіктен заңға вето қою құқығынан бас тартатынын әрі қол қоятынын мәлімдеді. Осылайша аталған ел билігі жұқпалы індетке байланысты қалыптасқан күрделі әлеуметтік-экономикалық ахуалды ескере отырып, ел тұрғындарының әл-ауқатын қамтамасыз ету бағытында осындай маңызды қадамға барды. Бұл заң Чилидің 10 млн-нан аса тұрғынына үлкен көмек болатын болды. Осы орайда елімізде де мұндай бастама көтерілген болатын. 2020 жылдың шілде айының 20-ы күні Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының қоғамдық кеңесінің жетекшісі Евгений Сейпульник ел азаматтарына зейнетақы жинағынан 10 пайызын шешіп алуға рұқсат беруді ұсынған еді. Пандемия салдарына байланысты қиын жағдайда ел тұрғындарына демеу көрсету мақсатында. Алайда, аталмыш кеңес өз басшысының бұл ұсынысына қолдау білдіре қоймады.

Фото ©REUTERS

0 пікір
Мұрағат