«Заңсыз қабылданған» заңнан зардап шеккендерге өтемақы төленеді
«Заңсыз қабылданған» заңнан зардап шеккендерге өтемақы төленеді
5 жыл бұрын 1848 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

1948 жылдан бастап 1996 жылға дейін қолданыста болған заң талабына байланысты ел билігі мәжбүрлеп әтек қылғандардың әрбіреуіне 3,2 млн иен (жапондардың ұлттық валютасы), яғни, 28 мың 600 доллардан өтемақы төлейтін болды. Осылайша кезінде мемлекет тарапынан жіберілген өрескел қателікті жуып-шаймақ. Яғни, аталмыш заңның зардабын тартып «залалсыздандырылғандардың» ұрпақ өрбіту құқығын қалпына келтіруді көздеп отыр. Бұл жайында «Киодо Цусин» жапондардың ақпарат көзі хабар таратты.  Оқырманға түсінікті болу үшін нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, ақыл-есі кем, психикалық ауытқушылығы бар немесе тұқым қуалайтын ауруы бар ел тұрғындарын дені-қарны сау ұрпақ өрбіте алмайды деген аргументпен мәжбүрлеп әтек қылған еді. Осынау келеңсіздікке байланысты ел премьері Синдзо Абэ шалағай заңнан зардап шеккендерден билік атынан кешірім сұрап, мұндай жағдайдың, яғни, қандай да бір кемсітушілікке ұшырататын жағдайдың қайталанбайтынына уәде беріп отыр. Күншығыс елінің денсаулық сақтау министрлігі мен жапон адвокаттары қауымдастығы келтірген мәліметке қарағанда, аталған жылдар аралығында шамамен 25 мың мүмкіндігі шектеулі жан мәжбүрлі түрде әтек болған екен.

0 пікір
Мұрағат