Үшінші дүниежүзілік соғыс тұтануы ықтимал аймақтар аталды
Үшінші дүниежүзілік соғыс тұтануы ықтимал аймақтар аталды
6 жыл бұрын 7014 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс мәселелерімен шұғылданатын маман әрі профессор Роберт Фарли әлемде қалыптасқан саяси ахуалды талдай келет келесі жылы үшінші дүниежүзілік соғыстың тұтануы мүмкін екенін мәлім етті. Нақтырақ айтқанда, үшінші дүниежүзілік соғыстың әлемнің қай аймақтарында тұтануы мүмкін екенін жария етті. Бұл жайында The National Interest мерзімді басылымында айтылған. Профессор ең алдымен баллистикалық зымыраны үшін Солтүстік Кореяда үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Бұл соғысқа Қытай мен Жапония бірден тартылады. Геосаяси тұрғыдан екі ел де амалсыз бұл соғысқа елді алды боп қатысатынын сарапшылар да мойындап отыр. Бұл шағын елдер болса, бір сәрі. Ауыртпалығы қатты біліне қоймайтын. Шығыстағы екі алып державаның соғысқа тартылуы күллі әлемді иірім секілді өзіне тартып алып кетеді. Профессор бұл соғыстың тұтануына қазіргі Ақ үй қожайыны Дональд Трамптың тәжірибесіздіген орын алатынын да жеткізді. Яғни, дипломатияға шорқақ АҚШ президентінің кесірінен Солтүстік Корея әлемге қауіп төндірген ең агрессиялы мемлекетке айналып үлгерді. Сондай-ақ, профессор екінші орынға Тайванды қойып отыр. Оның айтуынша, Қытай аталған аймақта өзінің ықпалын күшейтуде. АҚШ-тың наразылық танытқанына қарамастан. Үшінші орынға Қырым түбегін Ресей аннекциялап алғаннан кейін тынышы қашқан Украина жайғасқан. Украинаның оңтүстік-шығысында бітімнің талай рет бұзылуынан жағдай шиеленісіп кеткен. Украина батыс елдері мен Ресей арасындағы соғыстың басталуына себеп болмақ, ал ол өз кезегінде үшінші дүниежүзілік соғысқа ұласу қаупін тудырады. Профессор Түркияның сыртқы саясаттағы қадамына да алаңдаушылық білдіріп отыр. Түркияның АҚШ пен батыс елдерінен алшақтап, Ресеймен жақындасуы аймақтағы саяси балансты едәуір өзгертпек. Бұл өз кезегінде соғыс өртінің шаласы әлі басылмаған Сириядағы, Ирактағы, сондай-аұ, Ирандағы, Балқан мен Кавказдағы ахуалға өз әсерін сөзсіз тигізеді. Профессор үшінші дүниежүзілік соғыс өрті тұтануы мүмкін аймақтардың қатарына Парсы шығанағын да жатқызған екен. Соңғы уақытта Саудияның саяси жүрістерінің қатерлі сипат алғанын тілге тиек еткен. Иранға қарсы дипломатиялық әрі әскери коалицияны ашық жария етіп отыр. Бұған қоса, Парсы шығанағында Ресейдің де мүддесі барын жеткізді. Қорытындылай келе ол 2017 жылға қарағанда әлемде жанжалдар мен саяси шиеленістердің артқанын алға тартып отыр. 

0 пікір
Мұрағат