Ұшақ экипажы қаруланған арнайы жасақпен толығатын болды
Ұшақ экипажы қаруланған арнайы жасақпен толығатын болды
6 жыл бұрын 2579 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Көп ұзамай түрік ұшақтарының бортында қарулы арнайы жасақ болады. Яғни, жолаушылардың қауіпсіздігін күзететін жасақ. Бұл жайында Haberturk ақпарат көзі аталған елдің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Аталмыш ақпарат көзінің келтірген мәліметіне қарағанда, арнайы жасақ наурыз айынан бері ұшақ бортында жолаушылармен бірге ұшып жүр. Қарпайым азаматтар секілді киінгенімен олар қаруын тастамайды. Қауіпті деген ұшақтарда ғана болатыны айтылған. Ол қандай рейстер екені ашық айтылмаған. Бұрын Түркияның көлік, кеме және коммуникация министрі Ахмет Арслан мәлім еткен болатын әуе полициясының пайда болғанын. Олар арнайы жаттығу мен дайындықтан өткен.

0 пікір
Мұрағат