Түркиядағы тарихи орындар мен музейлерді өткен жылы қанша адам тамашалаған немесе бұдан қанша пайда тапқан
Түркиядағы тарихи орындар мен музейлерді өткен жылы қанша адам тамашалаған немесе бұдан қанша пайда тапқан
6 жыл бұрын 3495 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркиядағы музейлер мен тарихи орындарды тамашалаушылардың қарасы 2017 жылы 17 пайызға артқан. Бұл жайында аталған елдің мәдениет және туризм министрлігі мәлім етті. Аталмыш министрліктің келтірген дерегіне қарағанда, өткен жылы ел аумағындағы музейлер мен тарихи орындарды тамашалаушылар қарасы 20,51 миллионнан асқан. Биыл бұл көрсеткішті 20 пайызға арттырудағ яғни, музейлер мен тарихи орындарды тамашалаушылар қарасын 25 миллионға дейін жеткізуді көздеп отыр. Айта кетейік, 2016 жылы аталған ел аумағындағы музейлер мен тарихи орындарды 17 млн 521 мың 316 адам тамашалаған екен. Тағы бір айта кететіні, өткен жылы музейлер мен тарихи орындарды тамашалаушылар есебінен тапқан пайдасы 2016 жылға қарағанда 13 пайызға өскен, яғни, 190 миллион лира (50 млн-дай доллар). 

0 пікір
Мұрағат