Үш мемлекет күрдтерге қатаң ескерту жасады
Үш мемлекет күрдтерге қатаң ескерту жасады
7 жыл бұрын 3521 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркия, Иран және Ирак билігі халқы осы үш мемлекеттің аймағында орналасқан күрдтерге қатаң ескерту жасады. Тәуелсіздігін алуға референдум өткізген жағдайда қарсы шаралар қолданатынын мәлімдеді аталған елдердің сыртқы істер министрлері Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясында өзара кездесу барысында. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Айта кетейік, күрдтер өз мемлекетін құру үшін аймақ тәуелсіздігін жариялауға қатысты осы жылдың қыркүйек айының 25-і күні референдум өткізуді көздеп отыр. Егер тәуелсіздігін жариялайтын референдумның нәтижесі күрдтердің пайдасына шешілетін болса, оны әлем қауымдастығы мойындайтын болса, аталған үш елдің территроиялық тұтастығына қауіп төнеді. Бұл өз кезегінде тынышы қашқан аталған аймақта жаңа жанжалдың тұтануына себеп болмақ. 

0 пікір
Мұрағат