Түркияның тұрмыстық техникасы Еуропаны жаулап алды
Түркияның тұрмыстық техникасы Еуропаны жаулап алды
2 жыл бұрын 1804 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Өткен жылы (2021 ж.) Түркияда жасалған немесе құрастырылған тұрмыстық техника экспорты 17 пайызға артқан. Яғни, түріктер тұрмыстық техника экспортынан өткен жылы 4,5 млрд доллар пайда тапқан. Бұл жайында islam.kz порталы түріктердің TRT World ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Отандық тауарлардың ішкі саудасы 9 пайызға өскен. Бүгінгі таңда түріктердің шетелге өтімді тұрмыстық бұйымдары мен заттарының арасында ыдыс-аяқ жуатын машина кқш бастаған, одан кейінгі орында тоңақытқыш, үшінші орынға кір жуатын машина жайғасқан. Бұлардан бөлек, түріктердің қолынан шыққан мұздату камерасына, жуылған кірді кептіретін машинаға, тағам пісіретін электрлі пешке еуропалықтар тарапынан сұраныс өте жоғары. Түркияның тұрмыстық техникасы экспортының артуына ең алдымен ұлттық валютаның құнсыздануына байланысты орын алған бағаның арзандауы себеп болып отыр. Осы (2022 ж.) жылы Түркия тұрмыстық техника өндірісіне 480 млн доллар инвестиция құюды жоспарлап отыр.

Ұқсас материалдар:

«Жай ғана велисопедтің өзінен қыруар табыс тауып отырған ел» (https://islam.kz/kk/news/alem/jai-gana-velisopedtin-ozinen-qyruar-tabys-tauyp-otyrgan-el-15328/#gsc.tab=0);

«Түркияның жоғары технология экспорты» (https://islam.kz/kk/news/alem/turkiyanyn-jogary-tehnologiya-eksporty-15282/#gsc.tab=0);

«Түркияның желдеткішін әлемнің 161 елі импорттайды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/turkiyanyn-jeldetkishin-alemnin-161-eli-importtaidy-14917/#gsc.tab=0);

«Түркия мопедпен, мотоциклмен және велисопедпен әлемнің 49 елін жабдықтап отыр» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/turkiya-mopedpen-mototsiklmen-jane-velisopedpen-alemnin-49-elin-jabdyqtap-otyr-14820/#gsc.tab=0);

«Түркия экономикасының құрылымы туралы аз-кем дерек» (https://islam.kz/kk/news/alem/turkiya-ekonomikasynyn-qurylymy-turaly-az-kem-derek-15689/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат